2024 жылғы 25 қырқүйекте Университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің комплаенс офицері Қ.А. Мықтыбаев университеттің Әскери кафедрасының қызметкерлерімен кездесу өткізді, онда студенттерді әскери даярлау мен олардың патриоттық тәрбиесінің маңыздылығын ескере отырып, комплаенс офицер кафедра қызметкерлеріне университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін құрайтын ішкі нормативтік құжаттардың, оның ішінде мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық туралы бастамашыл ақпараттандыру мәселелері бойынша талаптарды жеткізді. Кездесу барысында әскери кафедра басшылығына студенттерді оқыту процесінде мүдделер қақтығысының туындауы мүмкін фактілерді болдырмауға, сондай-ақ кафедра қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңнамасын және осы мәселелерді реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды білу міндеті, сондай-ақ осы нормативтік актілердің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік бөлігінде толықтырулар енгізу жөнінде бірқатар ұсыныстар берілді. Өткізілген кездесу барысында комплаенс офицер кафедра қызметкерлерінен келіп түскен сұрақтарға кеңестер мен толық жауаптар берді.