«TARAZ HACKATHON» IT-технологиялар саласындағы ең жас әзірлеушілерді біріктірді. Байқау мамыр айында басталып, қараша айына дейін жалғасады. Веб-бағдарламашылар үш кезеңде бақтарын сынауда.
ШҚТУ командасы - do.EKTU іріктеу кезеңінен өтіп, қазір үй тапсырмасын дайындап жатыр. Іріктеу турында қатысушылар жастар саясатын дамытуға негізделген креативті Instagram маскаларын және эффекттерді ойлап тапты. Үй тапсырмасында олар электронды порталдардың дизайны мен сегменттерін жасау керек.
Соңғы кезеңде ұлттық тәрбиеге бағытталған онлайн ойын жасау тиіс. Осы кезеңде қатысушылар шығармашылық негізде өзіне берілген 4 (Алаш зиялылары, қазақ батырлары мен хандары, ұлттық фольклор немесе салт-дәстүрлер) түрлі тақырыптың біріне квест, зияткерлік ойын немесе қызықты викторина құрастырады.
Тағы бір маңызды шарт - ойын Android немесе iOS операциялық жүйелерiне орнатылуы керек. Конкурстық комиссияға жобаның Android немесе iOS-тағы мобильді қосымшасының сынақ нұсқасы жүктелуі тиіс.
Сыйлықтар:
- Бірінші орын (I дәрежелі диплом, статуэтка және ақшалай сома 500 000 теңге);
- Екінші орын (II дәрежелі диплом, мүсінше және ақшалай сома 350 000 теңге);
- Үшінші орын (III дәрежелі диплом, статуэтка және ақшалай 200 000 теңге);
Біздің команда құрамында: VR орталығының технигі Алим Жұмағазиев, ВТиПО ББ 2 курс студенттері Максим Синельников және Иван Глинский бар. Құрама жетекшісі: Руслан Четтыкбаев.
Студенттерімізге сәттілік тілейміз! Біз сіздерге әрдайым жанкүйерміз!