Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері Niet Woman әйелдер бастамалары қауымдастығы ұйымдастырған "Ізгі көктем" IV қайырымдылық балына қатысты. Көктемгі балдан түскен қаражат психикалық және психоневрологиялық ауытқулары бар, церебральды сал ауруы, аутизм сияқты ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталады.

Университет студенттері үшін бұл қайырымдылық жасау ғана емес, сонымен қатар жарқын эмоциялар мен қуанышқа толы ұмытылмас кеш болғаны анық.

«Жақсылық қылсаң - жасыр, жақсылық көрсең - асыр» демекші, көктемнің алғашқы күнінде осындай ізгілік пен махаббатқа толы қайырымдылық шарасының өтуі қыстан шыққан жұрттың көңілін серпілтіп, әрбіріне қуаныш сыйлады.