Ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні МЖМ, БКМ, МПҚБМ, АҚМ және жоғары IT-Колледж студенттері театр және кино актері, режиссер, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Рүстем Есдәулетовті еске алу кешіне қатысып, автордың шығармашылық жолы туралы деректі фильмді тамашалады.

Көзі тірісінде адам жанының құпияларына терең бойлауға тырысатын, адам мінезіндегі қарама-қайшылықтарды, өзгерістерді жарқырата ашуды көздейтін автор, белгілі қырғыз драматургі, ақын, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Жеңішгүл Өзүбекованың «Толғақ» атты психологиялық драмасын сахналаған еді.

Еске алу кешінде осы драмасы көрермендер назарына ұсынылды. Театрдың сынды әртістері тер төккен қойылымда табиғат пен қоғамның бір-бірімен біте қайнасып кеткен біраз түйткілдері еш боямасыз көрініс табады. Автор осынау келеңсіз жағдайларды толғақ қысқан әйел арқылы жеткізуге тырысады.

Жалпы, спектакль өте әсерлі, көңілге ой салатын тұстары көп. Іс-шараны Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.