100-ден астам студент «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қосылып, сенбілікке шықты. Акция халық арасында экологиялық мәдениетті насихаттау, азаматтарды табиғатты аялап, аялауға шақыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәселелері мен экологиялық проблемаларға қоғамның назарын аудару мақсатында Қазақстан Президентінің бастамасымен ұйымдастырылды.

ШҚТУ студенттері ағаштар мен көгалдарды тазалау, көгалдандыру, күтіп-баптау және қопсыту жұмыстарын жүргізіп, жатақханаларының айналасын арамшөптерден арылтып, жалпыұлттық экологиялық қозғалысқа үлес қосты.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы жыл сайын, тұрақты түрде сенбілік өткізеді.