Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да университет тарихындағы алғашқы студенттік инженерлік жобалар жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкеге ұсынылған жобалар бірінші курс студенттерімен «Инженерлік білімге кіріспе» пәні аясында орындалған. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты тек инженерлік дағдыларды (hard skills) дамыту ғана емес, сонымен қатар «жұмсақ дағдыларды» (soft skills) - коммуникация, командалық жұмыс, кәсіпкерлік дағдыларды және т.б. дамыту болды. Сонымен қатар, барлық студенттік «инженерлік шедеврлер» тұрақты даму мақсаттарын шешуге бағытталды.
CDIO инженерлік жобалар жәрмеңкесі конкурс формасында өткізілді, оған 68 жоба қатысқан. Бүгінгі жәрмеңке шығармашылық, originality, ойлау қабілеті мен тапқырлықтың нағыз «көрінісі» болды. Студенттер, оқытушылар және университет қызметкерлері болашақтағы инновациялық әзірлемелердің негізі болатын ерекше инженерлік идеялар әлеміне сүңгіп кетті. Мысалы, жәрмеңкеге қатысушылардың арасында су астындағы үйлер, эмоцияларды анықтайтын құрылғылар, «ақылды» орындық, түрлі роботтар, жер асты гаражы, квадрокоптер және тағы басқа жобалар ұсынылды.
Сондай-ақ, облыс әкімі Ермек Көшербаев ШҚТУ студенттерінің жобаларымен танысты.
Іс-шараның шыңы электронды дауыс беру арқылы үздік 3 жобаны жариялау болды. Дауыс беру нәтижелері бойынша «Горные выработки» жобасы (гр. 24-ГДК-1) жеңімпаз атанды, екінші орын «Architectural Wonders of the Mosque and Taj Mahal» жобасына (гр. 24-ГТК-1) берілді, үшінші орын - «Планета Земля» жобасына (гр. 24-ГД-1) бұйырды.
Іс-шараның соңында біздің студенттердің жобаларды жүзеге асырудағы энергиясы мен қызығушылығын ерекше атап өткім келеді. Мұндай шаралар студенттік инженерлік жобалар жәрмеңкесі сияқты жаңа идеялардың, жаңашылдықтардың бастамасы, «толчк» ретінде қызмет етеді!