Жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау үшін Қазақстанның ЖОО-на шетелдік профессорларды тарту ел экономикасы үшін бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауда маңызды рөл атқарады.

Осы мақсатта 2021 жылдың 3-30 қараша аралығында ШҚТУ-дың «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының магистраттарына ТМУ профессоры, биология ғылымдарының докторы А.С. Бабенко сабақ өткізеді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты дәрістер онлайн режимде өтіп жатыр.