Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері Nordgold халықаралық компаниясының құрамына кіретін «Алел «қаржы-инвестициялық корпорациясы» АҚ («Суздаль» кеніші) өкілдерімен кездесті. Компания қызметкерлері өздерінің стратегиялары мен корпоративтік құндылықтары, жұмыс ерекшеліктері туралы айтып берді.

«Суздаль» алтын кеніші жұмысын 2007 жылы бастады. Өндіру әдісі - жер асты. 2021 жылы өндіріс 72,62 мың унцияны құрады. ШҚТУ және жоғары IT-колледж білім алушыларының назарына Nordgold-пен бірге дамуға және мансаптық өсуге бағытталған бірнеше бағдарламалар ұсынды. Атап айтсақ, «Өзін-өзі ұсыну», «Алтын салмағына ұсыныс», «Fast Track» (тау-кен өндірісі саласындағы жас мамандарға арналған бағдарлама, ол басшыларды қысқа мерзімде даярлауға бағытталған), «Sprint» (ЖОО түлектеріне арналған бағдарлама.), «Алтын кадрлық резерв» және тағы басқа.

Білім алушыларды компания есебінен ЖОО-да қызметкерлерді оқыту бағдарламасы қызықтырды. Вахталық кентте тұру, жұмыстан бос уақытты өткізу туралы көптеген сұрақтар болды.

Кездесу студенттерді практикаға тарту және жұмысқа орналастыру мақсатында өткізілді.