29 шілдеде "Простор" оқу экспедициялық кампусы негізінде әскери кафедра студенттерінің оқу жиынын (кәсіптік практиканы) өткізудің бірінші аптасы аяқталды.
Осы уақыт ішінде әскери кафедра студенттері ашық аспандағы лагерді жабдықтады,сонымен қатар олармен ҚР ҚК жалпы әскери жарғылары бойынша, саптық және дене дайындығы бойынша сабақтар өткізілді.

Ал 28 шілдеде әскери кафедра студенттері Арыс қаласының балаларын "Простор" оқу экспедициялық кампусында қарсы алды. Кешке олар үшін дискотека ұйымдастырылды.
Апта бойы балаларға әскери-спорттық эстафетаны өткізу және одалалық клубта фильмдер көру жоспарлануда.

Әскери кафедра