Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ IT жоғары колледжінде Шығыс Қазақстан облысының колледждерінде бағдарламалау оқитын студенттердің өңірдің жетекші IT компанияларының өкілдерімен кездесуі өтті. Шақырылған сарапшылар қатарында «Озон фин. тех.» әзірлеу тобының жетекшісі Максим Изюмский және веб-дизайнер, «Жуков» ЖК директоры Семен Жуков болды.

Іс-шараға Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің, КАСУ жоғары колледжінің, Өскемен экономика және қаржы колледжінің, С. Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжінің, сондай-ақ ШҚТУ IT жоғары колледжінің студенттері қатысты. «Дөңгелек үстел» форматындағы кездесу жас мамандарға тәжірибелі кәсіпқойлармен тікелей қарым-қатынас жасауға, IT саласындағы жұмыс ерекшеліктерін білуге және өңірдегі мансаптық өсу мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік берді.

Максим Изюмский мен Семен Жуков өздерінің кәсіби жолдары туралы айтып, қиындықтарды еңсерудегі жеке тәжірибелерімен бөлісті және IT-дің әртүрлі салаларындағы жұмыс ерекшеліктерін талқылады. Студенттер өз сұрақтарын қойып, цифрлық индустриядағы мансапты қалай бастау керектігі, жұмыс берушілер қандай дағдыларды бағалайтыны және технологиялар қарқынды дамып жатқан нарықта табысты дамудың жолдары туралы құнды кеңестер алды.

Бұл кездесу ШҚО-дағы студент-программистер үшін маңызды кезеңге айналды, оларға IT саласында жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысуға ғана емес, сондай-ақ айтарлықтай жетістікке жеткен мамандардан пайдалы ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.