Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінің студенттерімен «Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің, Нотариаттық палатасының, Адвокаттар алқасының, Заң консультанттары палатасының, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі мәселелері түсіндірілді.

Сондай-ақ заң қоғамдастықтарының өкілдерімен кешенді әлеуметтік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу тәртібі түсіндірілді.

Кездесу соңында барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, түсіндірме сипаттағы буклеттер таратылды.