Д.Серікбев атындағы ШҚТУ-да Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1 қыркүйек күні «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жарияланған Қазақстан халқына Жолдауы аясында студенттермен кезекті отырыс өткізілді.

Талқылауға облыстық мәслихат депутаты Аубакирова Сания Магауовна мен "Жастар Рухы" ЖҚ ШҚОФ төрағасы Туғамбаева Қорлан Толеубековна қатысты.

Жолдау халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған.

ШҚТУ жастарымен кесдесу барысында Жолдауда айтылған маңызды аспектілер талқыланды. Онда: Еліміз үшін судың маңыздылығы, стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуеті, елдің берік өнеркәсіптік құрылымын қалыптастыру, экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ету, ғылыми әзірлемелерді ілгерілету сынды өзекті тақырыптар ортаға салынды.

«Жолдау халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған», деп атап өтті "Жастар Рухы" ЖҚ ШҚОФ төрағасы.

Студенттер мен колледжде білім алып жүрген жастар олардың алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын жақсы түсінеді.

ФОТО ...