2025 жылғы 20 қарашада Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында есірткі құралдарын контрабандалау және өткізу фактілері бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасы мен ҚР Жоғарғы Сотының ұйымдастыруымен еліміздің жоғары оқу орындарына Zoom платформасы арқылы осы сот отырысына онлайн қосылу мүмкіндігі ұсынылып, процесс ашық көрсетілді.
Біздің университеттің студенттері де көрсетілімге қатысып, сот процесін онлайн режимде тамашалады. Бұл жастарға нақты сот тәжірибесін көруге, сот пен құқық қорғау органдарының жұмысымен жақын танысуға, сондай-ақ ауыр қылмыстардың құқықтық салдарын түсінуге мүмкіндік берді.
Осындай іс-шаралар студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауды арттыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.