Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де өткен іс шара «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының өкілдерінің ұйымдастырылуымен, студенттер арасында «Bir Tolqynda» атты тақырыпта сөз қозғалды.
Дүйім студенттер мен Аманат партиясының спикерлерінің бас қосуымен өткен жиынның мақсаты - АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысымен таныстыру, электр станциясының оң жақтарын ашық талқылап түсіндіру.
Айта кетсек қазанның алтысы халықтың арасында жалпыұлттық референдум өтеді. Онда Қазақстан азаматтары Атом электр станциясының құрылуына қатысты өз дауыстарын береді.
Әлемнің 31 мемлекетінде 400-ден астам реактор жұмыс істеп тұр, олардың көпшілігі АҚШ, Қытай, Франция елдерінде орналасқан. «Бүгінде электр энергиясының тапшылығы тәулігіне 1гигаваттан асады.
Бұл дегеніміз 800 000 халқы бар 1 қаланың қажеттілігіне тең келеді. Қолданыстағы жылу станцияларының басым бөлігінің 70 пайызының тозығы жеткен» - деді ШҚО «Байтақ» партиясының атқарушы хатшысы Жакишев Алмаз мырза.
«8 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алатын АЭС-ның алып құрылысы Балқаш көлінің маңы, Алматы облысы аймағында салынады деп жоспарлануда. Бой көтергелі жатқан Станция ғимаратының жобасын ұсынып отырған 4 мемлекеттің арасынан ең үздік біреуі таңдалынбақ» - деп айта кетті қалалық мәслихаттың төрағасы, қалалық маслихаттың депутаты Александр Алексанрович.
6 қазан күні дұрыс таңдау жасап референдумнан қалыс қалмай, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосайық