Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері мен қызметкерлері Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның шығармашылық қызметінің 50 жылдығына арналған концертін тамашалады. Мерейтойлық кеш 28 қазанда Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында өтті.

Әншінің бірнеше буын тыңдарманға таныс шығармалары көрермендерді ортақ сезімге бөлеп, ұлттық музыка өнерінің құндылығын сезінуге мүмкіндік берді. Студенттер үшін бұл кеш көрнекті өнер иесінің шығармашылығымен жақынырақ танысып, оның сахна мәдениеті мен кәсіби шеберлігін көруге жол ашты.

Кеш барысында студенттер университет атынан Роза Қуанышқызын шығармашылық мерейтойымен құттықтап, өнері үшін алғыс білдірді. Әнші жастардың ықыласын жылы қабылдап, университеттің техникалық және инженерлік бағытта мамандар даярлайтынын атап өтті. Бұл сәт университет өкілдері үшін кештің ерекше естелігіне айналды.

Осындай мәдени іс-шараларға қатысу: студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және ұлттық мәдениетке құрметін арттыруға бағытталған университет жұмысының маңызды бөлігі. Өнермен жүздесу жастарға шығармашылық ізденістің, табандылық пен өз ісіне адалдықтың мәнін тереңірек түсінуге көмектеседі.

ШҚТУ болашақ инженерлердің кәсіби білімімен қатар рухани және мәдени дамуына да мән береді. Аға буын өнерпаздарының шығармашылығымен танысу жастардың ұлттық мұрамен байланысын нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырады.