Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы аясында Өскемен қаласының Сол жағалауындағы тазарту құрылыстарына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияны жетекші инженер-технолог Воронкова И.А. ұйымдастырды, студенттерге күрделі су шаруашылығы объектісінің жұмысын ішінен көруге ерекше мүмкіндік берілді.
Экскурсия «Су шаруашылығы кешенін пайдалану» пәні бойынша білім беру процесінде енгізілген дуалды оқыту жүйесі аясында өтті. Дуалды оқыту жүйесі университет қабырғасында теориялық сабақтарды практикалық дағдылармен ұштастырады, бұл студенттерге дәрістерде оқыған материалдарын нақты өндіріс орындарында қолдануға мүмкіндік береді.
Сол жағалаудағы тазарту құрылыстары - қалалық инфрақұрылымның негізгі объектісі болып саналады, ол ағынды суларды тазалаумен және сүзгілеумен айналысады. Аралау барысында студенттер су тазалау кезеңдерімен танысты.
Экологиялық стандарттар мен қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға мүмкіндік беретін технологиялардың маңызына ерекше назар аударылды. Студенттер су шаруашылығы кешенінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етудегі инженер мамандарының рөлін түсініп, осындай объектілерді пайдалану мәселелерін өзара талқыға салды.
Дуалды оқыту студенттерге өз мамандығының қыр-сырына тереңірек үңіліп, кәсіби дағдылары мен құзіреттіліктерін дамытуға мүмкіндік береді. «Өскемен-Водоканал» кәсіпорнымен ынтымақтастықтың арқасында студенттер нақты нысандарға тікелей қол жеткізе алады, бұл олардың даярлығын жақсартып, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады.