Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті студенттердің инженерлік CDIO жобалары жәрмеңкесіне шақырады — бұл CDIO (Conceive–Design–Implement–Operate) форматы бойынша әзірленген инженерлік шешімдер мен прототиптер ұсынылатын ашық алаң. Студенттер өздерінің тәжірибе-бағдарланған құзыреттерін, технологиялық, цифрлық және стартап бастамаларын дамыту әлеуетін паш етеді.

  • Күні: 10 желтоқсан 2025 жыл
  • Уақыты: 14:00
  • Өтетін орны: ШҚТУ бас ғимаратының холы, Серікбаев көшесі, 19.

Жәрмеңке аясында ШҚТУ-дың инженерлік дайындығының негізгі бағыттарын көрсететін жобалар ұсынылады:

  • Тәжірибе-бағдарланған инженерлік шешімдер;
  • CDIO инженерлік жобалау циклі: идеядан прототипке дейін;
  • Цифрлық және «жасыл» технологиялар;
  • Стартап-идеялар және студенттердің кәсіпкерлік әлеуеті.

Іс-шара қатысушылар мен қонақтарға жобалық оқытудың нақты нәтижелерін көруге, бірлескен бастамалар үшін серіктестер табуға, стартаптар мен тағылымдамаларға идея алуға, сондай-ақ қазіргі технологиялық сын-қатерлер контекстінде инженерлік білімге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Қосылыңыздар!

Толығырақ ақпарат — сайтта: www.ektu.kz