2026 жылғы 14 сәуір күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері суық қаруды заңсыз алып жүруге байланысты қылмыстық іс бойынша өткен көрсетілімдік сот процесіне онлайн форматта қатысты.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өтті. Оның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Көрсетілімдік сот барысында қатысушылар қылмыстық істің қаралу тәртібімен, сот процесінің кезеңдерімен және құқық қорғау органдарының жұмысымен танысты.

Онлайн форматтағы бұл тәжірибелік іс-шара студенттерге теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, сондай-ақ заң мен тәртіп қағидаттарының маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.