ШҚТУ студенттері кураторларымен бірге рухани-мәдени сағаттарын театр қойылымдарын тамашалау арқылы өткізуді жалғастыруда.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың рухани дүниесін байыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ студенттердің сабақтан тыс бос уақыттары мен демалыс күндерін тиімді ұйымдастыру болып табылады.
Студенттердің Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының қазақ, орыс және жастар труппаларының спектакльдерін өз қалаулары бойынша таңдап көру мүмкіндігі бар. Әрбір қойылымнан алған әсерлерімен бөліскен студенттер актерлердің кәсіби шеберлігі мен театр ұжымының еңбегіне жоғары баға берді. Ал театр қызметкерлері жастардың өнерге деген қызығушылығының артып келе жатқанына ризашылықтарын білдірді.
Университет алдағы уақытта да студенттердің мәдени және рухани дамуын қолдау мақсатында осындай мазмұнды іс-шараларды оқу жылы көлемінде тұрақты түрде ұйымдастырып отыратын болады.