Мәскеудің "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университетінде, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ арасындағы екі дипломдық бағдарлама аясында 14 студенттің дипломдық жобалары қорғалды. ШҚТУ-дың 14 студенті өте жақсы және жақсы баға алды, бұл біздің университетте мамандар даярлаудың жоғары деңгейін, сондай-ақ МИФИ ҒЗИ тарапынан дипломдық жұмыстарын қорғау барысындағы комиссия басшылары мен мүшелерінің пікірлері бойынша тағы бір мәрте дәлелденді.

Бүгін өз дипломдық жобаларын қорғаған студенттер жазда Д. Серікбаева атындағы ШҚТУ-і тарапынан "Электр энергетикасы" бағыты бойынша дипломдар алғанын атап өтеміз. Енді олар Мәскеу университетінің "Материалтану және материалдар технологиясы" мамандығы бойынша өз дипломдарын алады.

Дипломдық жобаларды онлайн форматта қорғауға сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы PhD докторы, қауымдастырылған профессор Ақаев Айбек Мұратбекұлы қатысты.