Медициналық инженерия оқу бағдарламасының 1-4 курс студенттері Өскеменнің №4 Қалалық ауруханасы өкілдерімен кездесті.
Бас дәрігер Попов Сергей Александрович эндоскопия, микрохирургия, ядролық және лазерлік медицина сынды бағыттар туралы баяндама оқыды. Күні кеше ауыр және жазылмайтын дерт саналған аурулар бүгінгі медицина технологияларына қарсы төтеп бере алмайтын күйде.
«Емдік, реабилитациялық орталықтар қамтылып жатқан қазіргі технологиялар мен дәрігерлерді бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды», - дейді Серге Александрович.
Мұндай қондырғылар зергерлік күтімді қажет етеді. Ендеше, олардың жұмысын қамтамасыз ететін инженерлер де кәсіби, сапалы білім алуға тиіс. Бұл технологиялардың тынымсыз жұмысы ең үлкен құндылық – адам өмірін сақталуға себеп.
Қалалық аурухананың тағы бір өкілі, Карасев Сергей Павлович травматологияда қолданылатын технологиялармен таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Ал медициналық құрылғы бойынша маман Қайсарұлы Төлеген медициналық инжиниринг мансабындағы мол тәжірибесін баяндады.
Кездесу соңында студенттер жастарды қолдау, қызметке орналасу, өндірістік тұғырнама туралы сұрақтарына жауап алды.