Ағымдағы жылдың 15 қарашасы күні экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында облыс аумағында орналасқан үш жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Эрудиттер форумы» байқауы өтті. Іс-шараны Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің үйлестірумен және Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Антарес-А» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Сайыстың мақсаты студенттердің танымдық білімдері мен оқу-зерттеу қызметін ынталандыру, студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау, студенттердің азаматтық ұстанымын тәрбиелеу, қаржылық сауаттылықтарын арттыру.
Сайыс төрт кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде командалар өз оқу орындары туралы ақпарат қамтылған таныстыру бейнеролигін дайындау. Екінші кезең - үй тапсырмасын орындау, қаржы пирамидаларының қызметі туралы бейнеролик дайындау. Үшінші кезең, Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізу саласында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу жөніндегі ситуациялық міндеттерді шешу. Төртінші кезең, сұрақ-жауап викторинасы.
Біздің студенттер алғашқы екі кезеңде өз дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетіп, сондай-ақ, қалған кезеңдерде де білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерімен көзге түсіп, жүлделі орынға ие болды.
Университет намысын қорғаған студенттеріміз бен магистранттарымызға, атап айтар болсақ, Мауткан Анель (21-ЭЛК-2), Тұрсынғали Мөлдір (21-ЭЛК-2), Талғарбек Перизат (22-ТФК-1), Манасова Гита (23 БУК-1), Кайролдин Максат (24-БЭК-1), Айткеш Данял (24-БЭК-1), Геминхан Ерен (24-МФА-2), Арыхханов Ертіске (22-ЭЛТК-3) зор алғысымызды білдіреміз. Сіздерге шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, жеңісті жетістіктер тілейміз!