Сәуір – тазалық пен тәртіпті орнатудың дәстүрлі уақыты, ал сенбіліктер халықты біріктіретін игі дәстүр. Сондықтан студенттер университет жатақханаларының әкімшілігімен бірге аумақты тазалауға шықты. Сенбілікті ұйымдастырушылар барлығын қажетті құрал – саймандармен, қоқыс қаптарымен, қолғаптармен, тырмалармен қамтамасыз етті. Қаруланған студенттер жатақхана аумағын абаттандырды. Сенбілік кезінде №1, №2 және №3 жатақханалардың аумақтарын абаттандыру, тазалау және ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.