17 Қыркүйек жексенбіде Өскемен қаласының экоклубтары мен экоактивистері сенбілікке шықты. Ол Халықаралық жағалауды тазарту күніне арналып, Үлбі өзенінің жағасында өтті. Іс-шараны green_corner клубы ұйымдастырды.
ШҚТУ экоклубтары акцияны белсенді қолдады. ШҚТУ-да 10 Экоклуб пен үйірме ашылды. Аталған іс-шараға "Green IT school" экологиялық клубының жетекшісі Наталья Рохас Криулько, "АКВА" студенттік ғылыми-техникалық үйірмесінің жетекшісі Валентина Павловна Колпакова, "Клевер" экоклубының жетекшісі және қатысушылары Ольга Петрова және 22-БЖ-1 тобының студенттері - Парубчишина Валерия, Гановичева Яна, Кулик Ксения; "FOREST" студенттік экологиялық клубының қатысушысы 23-МЛД-2 тобының магистранттары Ахметжанов Әлішер және Никитин Сергей, "Eco House" экологиялық клубының қатысушысы 23-ЛДК-1 тобының студенті Сая Оспантаева қатысты.
Акцияға барлығы 30-ға жуық адам қатысты, олардың күшімен Үлбі өзенінің жағасында "Ертіс концерт" ғимаратының ауданында тәртіп орнатылды. Бір-екі сағаттың ішінде шамамен 80 қап қоқыс жиналды!