«Рухани жағынан жаңару мен тазарудың екі жолы бар: «бірі - діни тәрбие де, екіншісі - ұлттық тәрбие» - деген еді Жүсіп Баласағұн. Осы орайда ұлттық тәрбие көзі Қыз тәрбиесі Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығының 2 курс студенттері арасында былтырдан бастау алған. Бүгінгі күні олар облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасындағы «Сырғалым» клубының мүшелері. Студенттер сабақтан тыс уақытта "Қыз тәрбиесі" мәселелері бойынша «Ақниет» әжелер алқасымен бірлесе  әр түрлі тақырыптарды талқылап, салт-дәстүрді жас буынға дәріптеуге ат салысып жүр. Бүгінгі күні олар «Сырғалым» қыздар клубын салтанатты түрде ашылуын жасады, онда қыз тәрбиесі мен салт-дәстүр, сонымен бірге қыз тәрбиесі туралы сыр шерткен ақын жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер оқып өз өнерлерін ортаға салды. Жас буынның рухани құндықтарға ден қоя қарауы көңілімізге қуаныш оятады.