25.04.26 ж. экологиялық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауын дамытуға бағытталған «Таза колледж» акциясы өткізілді.

Акция барысында колледж және жатақхана аумағын тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбіліктерге студенттер, оқытушылар және колледж әкімшілігі белсене қатысты. Сонымен қатар, колледж ұжымы қалалық сенбіліктерге де қатысып, қаланың тазалығын сақтау мен абаттандыруға өз үлесін қосты. Бірлескен күш-жігердің арқасында іргелес аумақтар тазартылып, абаттандыру және тәртіпке келтіру жұмыстары жүргізілді.

Аумақты көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді. Жеңіс даңғылы бойына ағаштар отырғызылды. Бұл іс-шараға университет ректоры Сауле Жадыгеровна да қатысып, экологиялық бастаманың маңыздылығын және оның басшылық деңгейінде қолдау табатынын көрсетті.

Сондай-ақ, қайта өңделетін қалдықтарды жинау акциясы ұйымдастырылды. Студенттер макулатура, пластик бөтелкелер, жоғары белсенділік пен жауапкершілік танытты. Жиналған материалдар одан әрі қайта өңдеуге жіберілді.

Өткізілген акция білім алушылардың экологиялық санасын арттыруға және олардың әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға ықпал етті.

Алдағы уақытта қоршаған ортаның тазалығы мен экологиялық тұрақтылығын сақтау мақсатында осындай іс-шараларды жалғастыру жоспарлануда.