«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында облыс және қала әкімдерінің қатысуымен ағаш отырғызу және аумақты абаттандыруға бағытталған ауқымды қалалық сенбілік өтті.

Игі бастамаға университетіміздің «Серпін – 2050» бағдарламасының студенттері белсене қатысып, ағаш отырғызу, аумақты тазалау және көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Мұндай шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген жанашырлығы мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Таза қала – таза ойдан басталады. Ойымыздың да, қаламыздың да таза болуы – ортақ құндылығымыз. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

«Серпін–2050» – білімге ұмтылған, ел болашағына үлес қосатын белсенді жастар!