Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың біртұтас командасы – студенттер, оқытушылар, деканат өкілдері және Жоғары IT-колледжінің ұжымы – университет ректорымен бірге қалалық акцияға белсене қатысты.
«Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында қалада абаттандыру мен тазалық жұмыстарын қамтитын сенбіліктер бастау алды. Университет қауымдастығы күн жылына салысымен сенбілікке жұмыла кірісіп, бірлік пен жауапкершіліктің, сондай-ақ қоршаған ортаға деген құрметтің жарқын үлгісін көрсетті.
Әрқайсымыз өз үлесімізді қосқанда ғана шынайы экологиялық мәдениет пен бірліктің күші қалыптасады.
Тазалық – өзімізден басталады. Бірге өмір сүруге қолайлы орта қалыптастырайық!