13 қарашада Бизнес-мектепте Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне және қаржыгерлердің кәсіби мерекесіне арналған зияткерлік іс-шара өтті.

Студенттер теңгенің айналымға енгізілу тарихын еске түсіріп, алғашқы қазақстандық банкноталардың жасалуы және олардың қорғаныш элементтері туралы қызықты мәліметтер алды. Сондай-ақ викторина сұрақтарына жауап беріп, қаржы саласындағы білімдерін көрсетті.

Іс-шараға Halyk Bank, Банк ЦентрКредит және ForteBank өкілдері қонақ ретінде қатысты. Олар студенттерді мерекемен құттықтап, кәсіби кеңестерімен бөлісті.

Бағдарламада «Теңге объективте» шығармашылық байқауының қорытындысын шығару ерекше орын алды. Белсенді қатысқаны үшін студенттік топтар, сондай-ақ үздік фотосуреттер мен мемдердің авторлары марапатталды. Қатысушылардың жұмыстары өзіндік ерекшелігімен, әзіл-қалжыңымен және қаржы тақырыбына шығармашылық көзқарасымен ерекшеленді.

Банк өкілдеріне, оқытушыларға, кураторлар мен студенттерге белсенді қатысып, мерекелік көңіл күй қалыптастырғандары үшін алғыс білдіреміз!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күнімен және Қаржыгерлер күнімен құттықтаймыз! Қаржылық тұрақтылық, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!