Оқу жыл басталғаннан бері бір айдан астам уақыт өтті. Бірінші курс студенттері жаңа, белгісіз әлеммен танысып, өмірдің жаңа ырғағына, кестесіне аздап бейімделіп, оқытушыларға үйреніп қалды. Бірақ кез-келген бірінші курс студенті "студент қатарына қабылданған" соң ғана өзің нағыз студент екенін сезе алады.

ШҚТУ-да дәстүрлі іс-шара өтті, онда ЖОО басшылығы мен ең белсенді жоғары курс студенттері бірінші курс студенттерін қарсы алды.

Ұйымдастырушылар - жастар ісі жөніндегі комитет, белсенділер, жоғары курс студенттері мұқият дайындалды, іс-шараны безендіруге үлестерін қосып, мереке атмосферасын құрды. Бірінші курс студенттері университет кампусының аумағында стильдендірілген квесттен өтті. Қатысушылардың мінез төзімділігі тексерілді.

Сынақтардан кейін бірінші курс студенттеріне шығармашылық ұжымдар таныстырылды. Білім алушалыр таңдаған ұжымның қатарына қосылып, таланттарын көрсете алады. Топтардың нөмірлерін тамашалап, "Горячие сердца" еріктілерінің ұтыс ойындарына қатысты. "Мечта" дүкенінен 15 000 теңгеге сертификаттарды алып, дискотекаға қатысты.

2021 жылғы Студенттер қатарына қабылдау көпшіліктің есінде қалады, өйткені бұл ұзақ жылдарға арналған Ынта, Көңіл, Достық, Бірлік.