Жапонияның Теңге Сарайы (Осака) ұйымдастырған халықаралық байқауда «Сәулет және дизайн» мамандығының түлегі Анастасия Саченок үздік атанды. Байқау шарты бойынша монетаның эскизін электронды және нақыштамасы түрінде көрсету керек болды. Суретші Анастасия Саченок және оның әріптестері Дидар мен Ерғали монетаның нақыштамасын әзірлеп, аталған тапсырманы орындады.
Байқауға қатысу үшін бүкіл әлемнің кәсіби және әуесқойларынан 200-ден астам өтінім ұсынылды. Қазақстандық суретші мен оның әріптестерінің шеберлігі қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. Финалда Үндістан, Ресей, Швейцария және Италия өкілдері болды. Осы көктемде Жапонияда салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ баспасөз қызметі