25 сәуірде ШҚМТУ акт залында университет студенттерінің шығармашылық өмірінің басты салтанатты шарасы өтті. Таланттың, шеберліктің және жастықтың нышаны іспеттес бұл мерекелік кеш көрермендердің жүрегінде із қалдырғаны сөзсіз. Аталмыш шараға жас әртістердің курстастары, достары, университет басшылығы, оқытушылар мен қызметкерлер қатысты. Концерт Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың 60 жылдығына, Астананың 20 жылдығына арналып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.
«Студенттік көктем - 2018» гала-концерті нағыз дарындардың өнер көрсетер орны. Сондықтан әрбір шығармашылық нөмір көрермендердің ықыласында бөленерліктей деңгейде орындалды. Сахнада қазіргі заманғы және халық әндер шырқалды, вокалдық-хореографиялық қойылымдар көрсетіліп, вокалдық-аспаптық композициялар орындалды. Әрбір концерттік номір ШҚМТУ-да талантты және дарынды жастардың білім алатындығына дәлел болды.
Фестиваль қорытындысы бойынша «FTB» (Ақпараттық технологиялар және бизнес факультеті) шығармашылық командасының студенттері абсолютті жеңімпаз атанды. Топ мүшелері ұйымдастырушылардан және демеушілерден ақшалай жүлде және жеңімпаз ауыспалы кубогын иеленді. Екінші орын «Formation» (Инжененрия факультеті) шығармашылық ұжымына берілді. «Қола» жүлде «ГОРМЕТ» шығармашылық ұжымына (Жер туралы ғылымдар факультеті) берілді.
Номинациялар бойынша барлық жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі