Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Алматы қаласының Нархоз университетінде Маркетинг бойынша ІІ Республикалық студенттік «MarkeTrend» олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың бірінші және екінші іріктеу кезеңінің нәтижесіне сәйкес, өтінім білдірген 15 команданың 11-і үшінші кезеңге жолдама алды. Біздің қаламызды Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ «Инновациялар менеджменті» кафедрасының меңгерушісі М.Рахимбердинова және э.ғ.д. доцент А.Закимова жетекшілік еткен Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің студенттерінен құралған команда таныстырды.
Айта кету керек, Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің 5B051100 «Маркетинг» мамандығының студенттері олимпиадаларға белсене қатысады. Олар арнайы білімдерін шыңдап, командалық жұмыста тәжірибе жинақтап, Қазақстанның өзге ЖОО-ның студенттерімен қарым-қатынас орнатып, университетіміздің беделін көтеруде.
Олимпиада нәтижелеріне сәйкес, командамыз жүлделі ІІ орынды иеленді.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі