1) "Студентке ақша" тәсілін жүзеге асыру.
2) Конкурстық негізде өтініш (мемлекеттік тапсырыс) жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйесі арқылы ағымдағы жылдың 20 маусымы мен 18 тамызы аралығында, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша (02110300- "графикалық және мультимедиялық дизайн") – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында жүзеге асырылады .
3) Ақпараттық жүйеде талапкер 4 колледж бен 4 мамандықты таңдауға құқылы. Бірінші таңдалған колледж қабылдау үшін басымдық болу керек .
4) Абитуриент ақылы оқуға өтінішті тікелей оқу орнына береді:
- күндізгі бөлімге күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында;
- оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
- шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша (02110300 – "графикалық және мультимедиялық дизайн") - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында .
5) Бейіндік және негізгі пәндер бойынша орташа балл негізінде оқуға түсу:
- 9-сынып оқушылары үшін - (орыс немесе қазақ тілі бойынша және + 2 бейіндік пән ) /3;
- 11-сынып оқушылары үшін - (орыс немесе қазақ тілі, Қазақстан тарихы + 2 бейіндік пән) / 4.
- 02110300 - "графикалық және мультимедиялық дизайн" шығармашылық мамандығы бойынша емтихан күнтізбелік жылдың 21 шілдесі мен 28 шілдесі аралығында өткізіледі: сурет және кескіндеме, композиция. Содан кейін (орыс немесе қазақ тілі бойынша және + 2 бейіндік пән+ 2 шығармашылық) /5 есебімен орташа балл есептеледі .