исо стандартД.Серікбаев атындағы ШҚМТУ мен «ИСО Стандарт плюс» ЖШС ынтымақтастығы аясында өнеркәсіп кәсіпорындарын ИСО халықаралық стандарттарға оқыту бойынша 23-27 қараша аралығында университетте «Халықаралық ИСО 14001:2015» стандарты жөнінде экологиялық менеджмент жүйесі менеджерлерін әзірлеу» атты семинар өтеді. Бұл семинарлар кен өндіруші, байыту фабрикалары сияқты өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлерінің біліктілігіін арттыруға арналған. Олардың қызметкерлері ЖОО түлектері болып табылады. Университет уақыт талабына сай кәсіпорындардың менеджмент жүйелеріне ең соңғы халықаралық заманауи талаптарды қадағалап отырады.