ШҚМТУ-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Персоналды басқару және кадрларды даярлау саласындағы халықаралық стандарттар негізінде педагог кадрларды даярлау» бағдарламасы бойынша «Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі» бастамасымен педагог кадрларды дайындау басталды. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістемесі» тренингін топтық жұмыс туралы оқулықтар мен мақалалардың авторы, IATEFL-тің қазіргі президенті, Венгриядан келген халықаралық тренер Маргрит Сэстай жүргізеді. Тренинг сыни және креативті ойлауды, топтық жұмыс формаларын, тілдік тосқауылдарды еңсеру,  бағалау мәселелерін шешу үшін тапсырмалардың түрлерін дамыту,  сыни және шығармашылық ойлауды интеграциялау бойынша топтық жұмыстарды дамытуға арналған.

Тренингке университет оқытушылары мен педагогикалық мамандықтардың студенттері шақырылды. Оқыту тілі - ағылшын тілі. Тренинг 2017 жылдың 27-30 қараша аралығында өтеді.

Мадина Юсубалиева