Жасыл ел-мектеп, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыруға, бүкіл ел бойынша орман алқаптарын құруға, сол арқылы Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсартуға, жастардың Отанға деген патриотизмін және туған өлкенің байлығына ұқыпты қарауын қалыптастыруға, экологиялық жобаларды іске асыра отырып, халықтың барлық топтарының өкілдері үшін қызықты бос уақытты ұйымдастыруға бағытталған ұйым.
Бағдарлама 2005 жылдан бері жұмыс істейді және жыл сайын аумақты көгалдандыру жағдайын жақсартады.
Біздің университетте бұл бағдарлама бірінші жыл ұйымдастырылып отырған жоқ, ШҚТУ студенттері мен жоғары it-колледж стуленттері қатысады. Биыл 6 адам жақын маңдағы университет аумағын көгалдандыруға жұмысқа орналасты. Сондай-ақ, балаларға тегін тамақтану қарастырылған. Студенттер университет пен қаланың келбетін жақсарту бойынша өздерінің өмірлік және қоғамдық ұстанымдарын көрсетеді.