Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы Әлеуметтік коммуникациялар орталығының басшысы Сакенова Қарлығаш Қанатқызын туған күнімен құттықтайды!!!

Қарлығаш Қанатқызы сіздің жасап жатқан жұмысыңыздың арқасында университеттің жетістіктері мен онда болып жатқан жаңалықтары туралы облыс халқы ғана емес бүкіл ел біліп жатыр. Бұның барлығы да сіздің ақыл-парасатыңыз бен мейірімге толы жүрегіңіздің және еңбегіңіздің нәтижесі.

Тек қана туған күніңізде емес, әр күн сайын біз сізге шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілейміз. Ақ қанат армандарыңыз биікке самғап, өміріңіздің көгінен орын ала берсін. Шынайы бақыт иесі болуыңызға тілектеспіз!