Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да ІХ Халықаралық «Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау - кен - металлургия кешенін дамытудың көкейтесті мәселелері» конференциясы және ХІІ Халықаралық «Материал зерттеу және наноматериалдар үшін перспективалы технологиялар, жабдық және талдау жүйелері» ғылыми конференциясы өтті.
Пленарлық мәжілісті аша отырып, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов бұл конференциялар экономикалық өсімге жету, табиғат пен адамның үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін инновациялық модельдерін іздеу проблемаларын талқылау үшін жиналған ғалымдар мен мамандардың пікір алмасуына қолайлы жағдай туғызатын ашық алаң боларына сенім білдірді.
Қазақстанның, Россияның, Великобританияның, Жапонияның және басқа елдердің бірқатар атақты ғалымдары баяндамалар жасады. Пленарлық мәжіліске «Intretech Corporation», «TESCAN», «Interactive Corporation» және «JЕОL Corporation» өндірісші фирмалар өкілдерінің қатысуы материал өңдеу, микро-нано электроника және материалдардың құрылымы мен құрамын, әртүрлі табиғи объектілерді зерттеу үшін талдау жүйелері туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік берді. Конференция жұмысы секцияларда жалғасты.
Аталмыш конференцияның өткізілуі Қазақстан, Жапония, Россия және басқа елдер арасында нанотехнология саласында инновациялық ынтымақтастықты онан әрі дамытудың маңызды қадамы болғаны атап айтылды.