Төтенше тоқсан деп аталып кеткен оқу тоқсанын бітіргелі жатқан мектеп түлектері ҰБТ алдында соңғы дайындықтарын пысықтауда. Әлбетте, оларды тестілеу қалай өтеді деген сұрақ мазалап жатқаны анық. Дәулет Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де онлайн брифинг өтті.

ШҚО білім беру басқармасы басшысы Сайрангүл Жұмаділова және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Жадыра Қоңырбаева түлектер өміріндегі басты емтихан қалай өтетіні туралы, сонымен қатар, университетке құжаттарды тапсыру жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.

- Биыл ҰБТ-ға өтініштер онлайн түрде қабылданып жатыр. Мектеп түлектері 10 мамырға дейін өтінім бере алады. ШҚО бойынша емтихан 16 пункте өткізіледі. Форматы өзгерген жоқ, тек қана сақтық шаралар күшейтіледі. Мысалы, былтыр бір аудиторияда 60 студент отырса, биыл 30 түлек кіргізіледі. Олар бір-бірінен алшақ отырғызылады. Сонымен қатар, балалар тепловизор, антисептиктермен қамтамасыз етіледі. Ата-аналар да балаларының емтихан тапсырып жатқанын бақылай алады. Барлыға онлайн көрсетіледі, - дейді ШҚО білім беру басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Онлайн кездесуге қатысқан оқушылар ШҚМТУ-дың білім беру бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат алды. Басқарма басшысы Сайрангүл Жұмаділованың айтуынша, көрші Ресей мемлекетіне оқуғ түсем дейтіндер биыл да шамамен 100 балаға қысқарады. Былтыр шетел асып кеткен түлектер саны 536 болса, биыл 400 -дей болады. Бұған жергілікті университеттердің бәсекелестік жасай алатыны және “Білікті маман” жобасынының септігі зор - дейді мамандар. Биыл облыс әкімі 400-ге жуық грант бөлмек. Онлайн брифингке превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ринат Набиев қатысты. Ол ҰБТ тапсыру барысында қандай ережелерді сақтау қажеттігін еске салды.