Математика пәнінен өткен материалды жазда қалай ұмытпауға болады? Бұл сұрақтың жауабын ШҚТУ негізгі инженерлік дайындық факультетінің оқытушылары біледі. Университет мамандары аймақтың жазғы лагерьлеріне барып, балалардың бос уақыттарын пайдалы ұйымдастыруға үлес қосты.

"Шыбынды-көл" жағасында орналасқан "Болашақ" лагерінде Ұлан ауданынан 80-ге жуық оқушы демалуда. Балалар алдағы жаңа оқу жылы қарсаңында күш жинап жатыр. Таза ауада ойнап, серуендейді, суға шомылып, күн ванналарын қабылдайды. Бұған қоса, ШҚТУ оқытушысы Динара Омариева демалушылар үшін танымдық ойын ұйымдастырды. Қатысушылар өткен материалды еске түсіріп, математика бойынша білімдерін көрсете алды. ЖОО оқытушысының айтуынша, балалар логикалық сұрақтарға құмарлықпен жауап беріп, тапсырмаларды шешіп, капитандар конкурсында жарысты.

- Маған барлығы ұнады. Мен өскен кезде IT технологиялар саласындағы маман болғым келеді. Ол үшін математиканы жақсы білуім керек. "Ойлан тап" ойыны өте қызықты өтті, - дейді Балнұр Санатқызы.

- Ойындардың көмегімен мен барлық ғылымдардың патшайымы – математикаға деген қызығушылықты оятуға тырыстым. Менің ойымша, ойын түріндегі сабақтар білетініңді тез еске түсіріп, жаңа материалды игеруге көмектеседі. Балалар үш ай демалады, осы уақыт аралығында олар көп нәрсені ұмытып қалу мүмкін. Бүгін мен 5,6,7 сыныптар үшін ойын өткіздім, балалар өте белсенді болды, ұтылмау үшін өздерінің барлық ресурстарын қосты, - дейді университет маманы Динара Омариева.

Айта кету керек, базалық инженерлік дайындық факультетінің математика кафедрасы оқытушылары барлық төрт маусымға да қатысып қайтты.