Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанда сағат 10.30-да Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің ұйымдастыруымен «Елбасы аманаты: елдіктің жеті тұғыры» атты дөнгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараға ZOOM арқылы онлайн форматта Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бірінші проректоры С.Ж. Рахметуллинаның бастауымен тарихшы, саясаттанушы, әлеуметтанушы, экономист сияқты профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары баяндамаларда көтерілген мәселелердің маңыздылығын ескеріп, өз ойларын ортаға салды.