Сіз ескі орыс мәтінін қазіргі орыс тіліне аудара аласыз ба? Орыс диалектілерінің морфологиялық ерекшеліктерін анықтау қолыңыздан келе ме? Немесе сөздік мақалалар саласындағы сарапшы бола аласыз ба?

ШҚТУ студенттері мұндай жұмыстарды жасай алады!

Университет командасы Славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған Орыс тілі мен сөйлеу мәдениеті бойынша VIII Халықаралық Интернет-Олимпиадада үшінші орынға қол жеткізді. Лингвистикалық тесттерді, лингвистикалық міндеттерді шеше отырып, студенттер өз білімдері мен креативтілігін көрсетті.

Команда капитанына Н.В. Гогольдің сөздері туралы өз ойын жеткізу тапсырмасы берілді: «просветить не значит научить, или наставить, или образовать, или даже осветить, но всего насквозь высветлить человека во всех его силах, а не в одном уме, пронести всю природу его сквозь какой-то очистительный огонь.». Сәулет, құрылыс және дизайн мектебінің студенті Алмат Төлеубеков қызықты ой-толғау эссе жазып екінші орынға ие болды!

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз:

  • Мырзағалиева Қымбат Дидарқызы – 20-ВТК-1, ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебі
  • Абдрахманова Айдана Ерланқызы-20-ВРК-1, сәулет, құрылыс және дизайн мектебі
  • Мунарбекова Кәмила Талғатқызы-20-ВРК-1, сәулет, құрылыс және дизайн мектебі
  • Алтынбекова Данияр Қуанышұлы-20-ССК-1, сәулет, құрылыс және дизайн мектебі
  • Төлеубекова Алмат Архатұлы-20-АРК-2, сәулет, құрылыс және дизайн мектебі.

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы