Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Жеңіс Оразханұлы Құлсейітовтың 80 жылдығына арналған «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты студенттердің, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың ХІ Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті.
Атаулы шара барысында Тілдер құзыреттілік орталығы «Тілдер, дене шынықтыру, спорт және әскери ғылымды дамытудағы өзекті үрдістер» секциясы бойынша өз жұмысын ұйымдастырды. Секция отырысының өту барысында әр түрлі өзекті тақырыптары бойынша студенттердің қазақ және орыс тілдерінде дайындалған ғылыми мақалалары тыңдалып, 25-тен астам мақала конференцияның материалдар жинағына ұсынылды.
Секция отырысы төрағаларының ұсыныстары негізінде I, II, III дәрежелі дипломмен келесі студенттер марапатталды: Сагадайева Нурай Муратовна, Еркінбеков Әли, Кайролдин Максат Ержанович, Нұрпеисов Алтай, Сырлыбаев Айбек, Әміржанова Венера, Кайролдина Диляра, Темирбекова Айша, Мейрамғазинова Сағыныш, Ризағалиқызы Айым.
Конференцияға қатысқан жеңімпаздарға шығармашылық табыс тілейміз!