Достар, бәріне сәлем! Біз «Қазақстан тәуелсіздік ұрпағының көзімен» атты ЖОО ішіндегі тақырыптық фотосуреттер байқауын бастаймыз.

Ұйымдастырушылар, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың гуманитарлық білім факультеті. Мамандардың айтуынша, байқау 1-4 курс студенттеріне еліміздің әлеуметтік құндылықтарын терең түсінуге, азаматтық және тарихи естеліктермен танысуға көмектеседі.

Байқау төрт кезеңде өтеді:

  • 25 қазаннан 24 қарашаға дейін - өтінімдер мен конкурстық жұмыстар қабылданады.
  • 26-27 қараша аралығында - конкурстық жұмыстарды комиссия бағалайды.
  • 29 қарашадан бастап - нәтижелер университет сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
  • 30 қарашадан 20 желтоқсанға дейін - университет фойесіндегі 10 үздік байқау жұмыстарының көрмесі өтеді.

Байқауға қатысу үшін өтінімді дұрыс толтырып, уақытында жіберу керек. Конкурстық жұмыстың атауын ойлап тауып, барлық талаптарды сақтау маңызды: өлшемі 1920 х 1080 пиксель, көлденең немесе тік, өңделген немесе RAW форматында болу тиіс. Сурет креативті түрде түсірілгені құпталады.

Қатысуға өтініш жіберу үшін биодағы сілтеме арқылы өтіңіз. Байқау жұмыстарын 24 қарашаға дейін araily@mail.ru. электронды мекен-жайға жіберу керек. Жеңімпаздарды ЖОО қызметкерлері мен оқытушыларынан құрылған арнайы комиссия таңдайды.

Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, сіз Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ гуманитарлық білім факультетінің деканы - Арайлы Сәрсембаеваға жүгіне аласыз. Телефон нөмірі: 8705-210-33-74.

Қатысып, жеңіңіз!


Фотосуреттер байқауына қатысуға өтінім

«Қазақстан Тәуелсіз ұрпағымыздың көзқарасы тұрғысынан» Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ 1-4 курс студенттері арасындағы тақырыптық фотосуреттер байқауының ережесі