Жаңа оқу жылы қарсаңы университетіміз үшін көптеген жаңалықтарға толы болды.

Міне, бүгін Арай Төлепбергенқызы Жақыповаға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен Металлургия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Оқытушымызды көптен күткен жағымды жаңалықпен – докторлық атауын қорғауымен құттықтаймыз! Еңбегінің жемісін көріп, ғылыми өнегесі мен өрісі кеңейе, биіктей беруін тілейміз.

Өз ісінде сұранысы мол маман болуын тілей отырып, табандылық пен бақыт, береке, әрдайым жақсы көңіл-күй тілейміз!