Ағымдағы жылдың 28 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында "Қазіргі әлемдегі ғылым мен білім: ХХІ ғасырдың сын-қатерлері" атты халықаралық ғылыми – практикалық конференция өткен болатын. Аталған шара Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығы "Бөбек " Жалпыұлттық қозғалысы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен өтті. Бұл конференция аясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми - білім беру мекемелері арасында "II Халықаралық кітап басылымы", "Жас ғалым-2020" халықаралық жобасы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - ғылыми-зерттеу жұмысында, шығармашылықта, студенттік өзін-өзі басқаруда, спортта өзін белсенді көрсеткен жас ғалымдарды анықтау.
Жоба нәтижесі бойынша, жер және қоршаған орта туралы ғылымдар мектебінің аға оқытушысы, "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" ББ жетекшісі С.С. Лутай конкурс лауреаты атанды. Жеңімпазға I дәрежелі диплом, ISBN нөмірі берілген жинақ және төсбелгі табыс етілді.