Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің базасында «Қазақ тілі - ғылым тілі» тақырыбында өткен симпозиумда «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», «Үздік ғылыми қызметкері», Ғылым саласындағы сыйлықақылар және мемлекеттік ғылыми стипендия жеңімпаздары байқауларының жеңімпаздарын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек салтанатты түрде марапаттады.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың жеңімпаздары арасынан Алонцева Дарья Львовна, Рахметуллина Жеңісгүл Төлеуханқызы, Серая Наталья Владимировна, Қожахметов Ернат Әбілхайырұлы, Уазырханова Гүлжаз Кеңесханқызы, Құмарғажанова Сәуле Құмарғажанқызы марапатталды.
Еліміздің ғылыми-зерттеу институттарынан, жоғары оқу орындары мен ұйымдардың ғылыми бөлімдерінен 50 ғалым және Қазақстанның 43 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы сыйақымен марапатталды. Сонымен қатар, 75 дарынды жас ғалымға жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар мен ғылым саласындағы сыйлықтар табысталды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтып өткендей: «Экономиканың қуатты, мемлекетіміздің дамуы үшін ғылымды дамытудың қаншалықты маңызға ие екені айтпаса да түсінікті».
ШҚТУ ғалымдарының жетістіктері университеттегі ғылыми қызметтің жоғары деңгейінің тағы бір дәделі.