Биология ғылымдарының докторы, университет профессоры, жоба жетекшісі Александр Воробьев әріптестерімен бірге биологиялық белсенді заттары бар ірі қара малға арналған жемшөп қоспаларын дайындау технологиясының рецептурасын зерттеп, әзірледі. Бірнеше жыл ішінде мамандар бірқатар бірегей ғылыми шешімдер шығарып, ҒЗЖ мен ТКЖ үлкен көлемін жүргізді. Бұл жарияланымдар мен патенттердің едәуір санын растайды.

Жоба ұлттық және халықаралық ауқымда да маңызды. Біріншіден-қазақстандық нарықты өзіндік тиімді азықпен қамтамасыз ету. Екіншіден, халықаралық нарыққа (ең алдымен Ресей Федерациясы) макро - және микроэлементтермен байытылған жемшөп қоспаларын аналогтарынан 15-20% тиімді технологиясын ұсыну болды.

Жоба ҚР Агроөнеркәсіптік кешені үшін, мал шаруашылығын қарқынды дамыту үшін маңызды саналады.