Ғылым қоры қызметкерлері Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғалымдарымен және ғылыми жобаларды іске асыруға шақырылатын жеке серіктестерімен кездесті.
Кездесу Семей орманында тілсіз жаумен күресте қаза тапқандарды бір минуттық еске алумен басталды.
Жиынға "Ғылым қоры" АҚ Технологияларды коммерцияландыру департаментінің директоры Айғаным Балапанқызы Рақышева, "Ғылым қоры" АҚ Технологияларды коммерцияландыру департаментінің менеджері Әнуар Раульұлы Керімбаев, университет ғалымдары мен кәсіпорын өкілдері қатысты.
Қонақтар ШҚТУ-дың материалдық-техникалық базасымен: "Smart engineering" құзірет орталығы, Құрылыс және құрылыс материалдары саласындағы технологиялар трансферті ҚО, Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы технологиялар трансферті және энергетика саласындағы технологиялар трансферті құзірет орталықтарында, "VERITAS"артықшылық орталығымен танысты. Сондай-ақ цифрлық университет ұсынылды.
"Ғылым қоры" АҚ мүдделі ғылыми құрылымдар мен кәсіпорындар арасында тығыз байланыс орнатуға барынша көмек көрсетеді.
Іс-шарада коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру бойынша 2023-2025 жылдарға арналған конкурстың шарттары қаралды.
Айта кетейік, 2016 жылдан бастап Ғылым қоры ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша оператор болып табылады.